КПЛ
29 желтоқсан 2020 18:16

"Астананың" бұрынғы бапкері Болгария чемпионын жаттықтыруы мүмкін

"Астананың" және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов болгариялық "Лудогорецті" жаттықтыруы мүмкін,- деп хабарлайды "24 часа" порталы.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 53 жастағы маман Жаңа жылға дейін жариялануы мүмкін келісімшарт бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Станимирдің соңғы жұмыс орны 2019 жылдың қаңтарында кеткен Қазақстан құрамасы болды. Өткен маусымда "Лудогорец" тоғызыншы рет қатарынан Болгария чемпионы болды.

Болгариялық маман "Астананы" 2014 жылдан 2018 жылға дейін баптады. Оның басшылығымен елордалық команда төрт рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды және Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Стойлов сонымен қатар клубты екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне және бір рет турнирдің 1/16 финалына шығарды.