"Астананың" бас директоры қызметіне Давид Лория тағайындалды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Михаил Гурманның қызметінен кетуінен кейін елордалық "Астана" футбол клубына жаңа бас директор тағайындалды, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет телеграм арнасында.

Дереккөздің мәліумдеуінше, бүгін жаңа бас директор қызметіне Давид Лория тағайындалады. 

Ал "Гол емес" телеграм арнасының мәліметінше, Давид Лорияның бұрынғы қызметі - атқарушы директор орнына Бағлан Ергешов отырады. 

Естеріңізге сала кетсек, "Астана" Михаил Гурманның денсаулығына байланысты қызметіне кеткен ресми түрде хабарлаған еді.

Метки:
Жаңалықтар