КПЛ
27 қазан 2020 17:58

"Астананың" армениялық шабуылшысы "Оқжетпес" соққан голдарын отандастарына арнады

"Астананың" және Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Премьер-Лиганың 15-турында "Оқжетпеспен" (5:1) болған матч туралы пікірін білдірді:

- Мен гол соққаныма және осы голдарымның жеңіске жетуге көмектескеніне қуаныштымын! Бірақ біз босаңси алмаймыз, енді аздап қуанып, бұл матчты ұмытып, келесі ойындарға дайындалуымыз керек.

- Бірінші голды соққаннан кейін сіз трибунаға сәлем бердіңіз. Бұл қимыл нені білдіреді?

- Өздеріңіз білетіндей, қазір Арменияда әскери әрекеттер болып жатыр. Осы әрекетіммен мен қазір өз Отанында қиын жағдайға тап болған барлық отандастарыма голдарымды арнағым келді! Жақында менің елімде бәрі ойдағыдай болып, адамдар қайтадан бейбіт өмір сүре алады деп сенемін!

- Команданы алда «Қайратқа» қарсы өте қиын кездесу күтіп тұр. Бұл кездесуде жанкүйерлерді не күтіп тұр?

- Енді жеңістен кейін қалағаныңды айтуға болады. Бірақ біз әр матчқа жақсылап дайындалып, тек бір міндетпен - жеңіске жету үшін шығамыз.