"Астананың" алдағы ойынына негізгі құрамның алты футболшысы қатыса алмайды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" командасының алты бірдей футболшысы Қазақстан біріншілігінің 15-турында "Оқжетпес" командасына қарсы кездесуге қатыса алмайды. 

Бұл ойын ертең, 26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-да басталады. 

"Алдағы ойында "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов алты ойыншысын алаңға шығара алмайды. Жарақатына байланысты бұл кездесуде Дорин Ротариу, Иван Маевский, Рунар Сигурьонсон, Пиерос Сотириу, Лука Шимунович және Евгений Постников шыға алмайды", - делінген клуб таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, бұл ойынға дейін "Астана" командасы 24 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді. Ал "Оқжетпес" болса, тоғыз ұпаймен 11 сатыда тұр.



Метки:
Жаңалықтар