КПЛ
12 наурыз 2017 20:27
 

"Астанаға" қарсы ойнау үнемі қиын - Димитар Димитров

  Пікірлер

blog.share

"Астанаға" қарсы ойнау үнемі қиын - Димитар Димитров "Астана" ФК ресми сайтынан

Павлодарлық команданың бас бапкері Димитар Димитров матч туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды "Астана" клубының баспасөз қызметі.

- Ойын оңайға соқпады. "Астана", "Қайрат" сынды клубтарға қарсы ойнау үнемі қиын, өйткені олардың жоғары деңгейдегі футболшылары көп. Бапкері де мықты адам. Көптеген жайттарды ескере отырып, біз қорғаныстан ойнауға бел будық. Максималды түрде шабуылға көшуге тырысып едік, бізге сәттілік жетіспеді. Матчтың сапасы мен деңгейіне қарап, кездесу заңды тең есеппен аяқталды деп ойлаймын. Бұл жақсы көрсеткіш.

- Двали мен Фофаннаның ойынына ризасыз ба?

- Двали екі-үш рет қана командамен жаттықты. Дегенмен ол өзіне сенімді екенін байқатты. Фофанна өзін жақсы көрсетті. Бірнеше мүмкіндікті мүлт жібергені де бар. Қазақстанға келгеніне 3-4 күн ғана болды. Ол +20 градустан -20 градус аймаққа келіп отыр, оны да ескеру керек. Жалпы, сапалы аяқдопшы екені көрінді.

- Бүгін "Ертіс" екі ұпай жоғалтты ма, бір ұпай иеленді ма?

- "Астанада" да, бізде де гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Сондықтан бірдеңе деп айту қиын. Елордалық команда допқа көп иелік еткенмен, ойын менің ойымша тең дәрежеде өтті.

- Команда бүгін жеңіс үшін ойнады ма?

- Әрине, әлемдегі барлық бапкер командасының жеңіске жеткенін қалайды. "Астана" сапында тәжірибелі, мықты ойыншылар көп. Өз командамның ойынына көңілім толды. Жігіттер барын салды.

blog.share
Павлодарлық команданың бас бапкері Димитар Димитров матч туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды "Астана" клубының
баспасөз қызметі.

- Ойын оңайға соқпады. "Астана", "Қайрат" сынды клубтарға қарсы ойнау үнемі қиын, өйткені олардың жоғары деңгейдегі футболшылары көп. Бапкері де мықты адам. Көптеген жайттарды ескере отырып, біз қорғаныстан ойнауға бел будық. Максималды түрде шабуылға көшуге тырысып едік, бізге сәттілік жетіспеді. Матчтың сапасы мен деңгейіне қарап, кездесу заңды тең есеппен аяқталды деп ойлаймын. Бұл жақсы көрсеткіш.

- Двали мен Фофаннаның ойынына ризасыз ба?

- Двали екі-үш рет қана командамен жаттықты. Дегенмен ол өзіне сенімді екенін байқатты. Фофанна өзін жақсы көрсетті. Бірнеше мүмкіндікті мүлт жібергені де бар. Қазақстанға келгеніне 3-4 күн ғана болды. Ол +20 градустан -20 градус аймаққа келіп отыр, оны да ескеру керек. Жалпы, сапалы аяқдопшы екені көрінді.

- Бүгін "Ертіс" екі ұпай жоғалтты ма, бір ұпай иеленді ма?

- "Астанада" да, бізде де гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Сондықтан бірдеңе деп айту қиын. Елордалық команда допқа көп иелік еткенмен, ойын менің ойымша тең дәрежеде өтті.

- Команда бүгін жеңіс үшін ойнады ма?

- Әрине, әлемдегі барлық бапкер командасының жеңіске жеткенін қалайды. "Астана" сапында тәжірибелі, мықты ойыншылар көп. Өз командамның ойынына көңілім толды. Жігіттер барын салды.

Жарнама

Живи спортом!