КПЛ
14 ақпан 2017 20:33
 
"Астана" үшін жанымды салуға дайынмын - Джуниор Кабананга

  Пікірлер

blog.share

"Астана" үшін жанымды салуға дайынмын - Джуниор Кабананга Жуниор Кабананга. Фото ©Getty Images алынды

Джуниор Кабананга Африка ұлттар Кубогы-2017 турнирінің үздік сұрмергені және аталмыш турнирдің таңдаулы құрамына енген ойыншы, «Астана» командасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп, алдағы маусымға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қазақстан Премьер-Лигасына дайындығы туралы Конго ДР құрамасының шабуылшысы елордалық клубтың баспасөз қызметіне арнайы сұхбат берді.

- Джуниор, Африка Кубогындағы жекелей жеткен жетістігіңізден кейін, Конго ДР құрамасының сізге деген көзқарасы өзгерді ме?

- Мен сіздің не айтқыңыз келгеніңізді бірден түсіндім. Африка Ұлттар кубогы-2017 турниріне ұлттық құрамадағы негізгі шабуылшы жарақат алып қалып, соның орнына резервтік құрамда барған едім. Өмірде кез келген адамға өзін көрсету үшін әрдайым мүмкіндік беріледі. Сол мүмкіндікті оңтайлы пайдалана алған дұрыс. Бұл өмір – барлығы өзгереді. Бүгін қосалқы құрамда болсаң, ертең қаһарман атануың мүмкін. Әрине, маған деген қарым-қатынастары да өзгерді. Маған БАҚ-ы мен жанкүйерлер көп назар аудара бастады. Отаныма көмегімнің тигеніне шын жүрекпен қуаныштымын.

- Сіз Африка ұлттар кубогы-2017 турнирінің үздік сұрмергені атандыңыз. Осы турнирде үздіктер қатарынан көрінуіңізге «Астана» командасының үлесі болды ма?

- «Астана» сапында еврододалардың топтық кезеңінде өнер көрсетіп жинаған тәжірибем менің мықты ойыншы болып қалыптасуыма сөзсіз көмегін тигізді. Біздің қарсыластарымызға қарап, деңгейдің қаншалықты жоғары болғанын көруге болады. Бас бапкеріміз Станимир мырза менің үздіктер қатарынан көрінуіме себепкер бірден-бір адам десем артық айтқандық емес. Туғанымдай болып кеткен елордалық ұжымға, жинаған тәжірибем мен маған артқан сенімдері үшін алғыс айтамын. Клубтың маған жасаған жақсылығын екі еселеп қайтаруға тырысамын.

- Африкада өткен турнирден кейін европалық командалардың сізге деген қызығушылығы күрт артып кетті. Франциядағы, Англиядағы БАҚ өкілдері сіз туралы жарыса жазуда. Команда ауыстыру жоспарыңызда бар ма?

- «Үлкен олжаны армандамаған аңшы, нашар аңшы» деген мақал бар Африкада. Дегенмен, мен екі жыл қатырынан еурододалардың топтық кезеңінде ойнап келе жатқан, соңғы жылдарда Европалық деңгейде ойын үлгісін көрсетіп жүрген  «Астана» командасының ойыншысымын. Өз басым, Франциядағы, Голландиядағы немесе Белгиядағы ортанқол командалармен салыстырғанда «Астана» командасының деңгейі әлде қайда жоғары, мүмкіндіктері мол деп ойлаймын. Командамыз жас болса да ілгері дамып, Қазақстанның барлық аймағында қолдаушыларын тауып жатқанын байқаймын. Біз жыл сайын дамып келеміз. Сондықтан да, әлі де «Астана» сапында ойнағым келеді. Және де, қазақстандық жанкүйерлердің маған деген қызу қолдауын сеземін. Қазақстанда тұратын адамдар өте қарапайым және тамаша жандар. Әрдайым жақсы көңіл-күйде, мейірімділік танытып тұрады. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Клуб тарапы маған сенім білдірсе, «Астана» үшін жанымды салуға дайынмын!

- «Астана» үшін Қазақстан чемпионатында барыңызды салуға дайынсыз ба?

- Мен біздің чемпионатымызда бәсекеге қабілетті клубтардың көбейгенін қалаймын. «Ордабасы», «Тобыл», «Ақтөбе» сияқты клубтар қатарларын нығайта түссе жақсы болар еді. Тек қана Қазақстан Чемпионатында емес, Европа ареналарында үздік нәтиже көрсетсе деген үмітім бар. Қазақстан Чемпионатында қаншалықты қиын кездесулер өткізсек, еурододалар кезінде бізге жеңіл болатыны анық. Сондықтан, алдағы маусымда барша қазақстандық клубтарға өз аймақтарын лайықты түрде таныстырып, намысын сәтті қорғауды тілеймін. Ал сіздің сұрағыңызға келер болсам, біз чемпионатта еңбектеніп тер төкпесек, Европада нәтижелі ойын көрсетуіміз неғайбыл. Менің қалауым, «Астана» командасы Чемпиондар Лигасының топтық кезңіне тағы бір мәрте шығып, Кабананга есімді Африканың ұланы сол жетістікке өз үлесін қосса деймін.

- Қазіргі спорттық бабың қалай?

- Менде барлығы жақсы. Демалысым кішкене аздау болып қалды. Есіңізде болса, маусым соңында Конго ДР құрамасына шақырту алып, Африка ұлттар кубогы-2017 турниріне дайындық жұмыстарын жасаған болатынбыз. Бірақ, бас бапкер Станимир маған аз да болса демалуға уақыт берді. Қазір командаластарыммен бірге Түркияда алдағы маусымға дайындалып жатырмын. Бүгін кешке украиналық клубпен жолдастық кездесу өткіземіз. Бас бапкер маған сенім білдіріп, алаңға шығарса барымды салуға дайынмын.

- «Астана» маусымаралық үзіліс кезінде үш бірдей жаңа шабуылшыларды қатарына қосты. Бәсекелестіктен қорықпайсыз ба?

- Бәселестік – ойыншының дамуы үшін қажет ең басты дүние. Мен, Рома мен Лулудың бұрынғы клубтарында ойнаған ойындарын көрдім. Екеуі де жас, әрі өте қызықты ойыншылар. Ойын мәнерлері өзгеше болғанымен, өтте талантты жігіттер. Аздрен Румыния чемпионатында үздік ойнаған жігіт. Сондықтан, алдағы маусымда шабуыл шебінде жақсы ойыншылармен бірге ойнайтын боламын. Мен барлық жаңа ойыншылармен танысып, жақсы араласып кеттім десем артық айтқандық емес. Командаға келген жаңа ойыншылардың барлығын өте жылы қабылдадық. Басқаша болуы мүмкін де емес. Себебі, біз – Қазақстанның нағыз мақтанышы, ең үздік футбол клубымыз!

Жарнама

Живи спортом!