Елордалық команда кездесу бастала салысымен басымдықты өз қолына алған. Тіпті есепті де ашты. Рунар Сигурьонсон көзге түсті.
Бірақ екінші таймда "Каспий" командасы басымдыққа ие болды. Сөйтіп, алдымен 72-минутта Билал Сабаихи таразы басын теңестірсе, араға үш минут салып Максим Марусич ақтаулық команданы алға шығарды. Осылайша "Каспий" командасы төрт матчқа созылған сәтсіз сериясын бұзып, бірінші рет жеңіске жетіп отыр.
Бұл кездесуден кейін "Астана" командасында 21 ұпай болып қала бермек. Бұл ұжым "Қайраттан" төрт ұпай қалып келеді. Бірақ алматылық команда өз ойынын бірнеше сағаттан кейін өткізеді. "Каспий" болса жеті ұпай жинап, тоғызыншы орынға көтерілді.
.