Карпович демалыстан кейін бірден "Оқжетпес" сапына кетіп, сонда жұмысын жалғастырады. "Астанамен" келісе алмаған сияқты.
Елордалық команда Ресей және Украина мамандарымен келіссөз жүргізіп жатыр деген әңгіме бар. Тіпті Юрий Семин де бұл тізімде бар екен. Бірақ мұның барлығы тек әңгіме күйінде қалып жатыр.
Команданы ағылшындық агент әрі менеджер Пол Эшуорт жаттықтырып жатыр. Ол Еуропа лигасындағы "Будучность" командасымен кездесуге дейін жаттықтырады. Содан соң не боларын көреміз", - деді тілші.
Еске салайық, 26 тамыз күні "Астана" чехиялық маман Михал Билекті қызметінен босатқанын хабарлады. Ол команданы қаңтар айынан бері жаттықтырып келген. Бапкер мен команда екі жақты келісім бойынша шартнаманы бұзған. Содан соң елордалық команданы уақытша Пол Эшуорт жаттықтырып келеді.