"Астана" тізгінін грузиялық бапкер ұстауы мүмкін

Кахабер Цхададзе. Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.
Шымкенттік "Ордабасы" командасының 52 жастағы бас бапкері Кахабер Цхададзе келесі маусымнан бастап елордалық "Астана" командасының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы грузиялық "Лело" басылымы хабарлап отыр. 

Басылымның жазуынша, "Астана" командасы биыл бапкерлер құрамында өзгеріс жасамайды екен. Бірақ келесі маусымнан бастап клубтың тізгінін Кахабер Цхададзе ұстауы ықтимал. Қазір команда басшылары бұл бапкермен алдын-ала келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді.

Еске салайық, биыл маусымға "Астана" командасын чехиялық маман Михал Билек дайындағы еді. Бұл бапкердің бастамасымен команда Чемпиондар лигасынан шығып, Қазақстан біріншілігінде де сәтсіз ойнады. Сол үшін астаналық команданың басшылары Билекті қызметінен орнынан босатып, орнына Пол Эшуортты тағайындады. Енді британдық маман команданы маусым соңына дейін жаттықтырады екен. 




Метки:
Жаңалықтар