"Астана" трансферлік құны 1,6 миллион еуро шабуылшының кеткенін хабарлады

Сурер "Астананың" ресми сайтынан алынды.
"Астана" футбол клубы ресми сайтында Фирмин Мубиленің командадан кеткенін хабарлады. 

Конго Демократиялық Республикасының футболшысы елордалық клуб сапынан келісімшарт уақытының бітуіне байланысты кетке. 

Бұған дейін шабуылшының франциялық "Тулуза" сапына қайта қосылатыны айтылған болатын. Негізі Мубиле франциялық клубтың футболшысы. Ал "Астана" болса оны жалға алған еді. 

"Астана" сапында Мубиле 12 кездесуге қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Шабуылшы жарақатына байланысты бірнеше кездесуге қатыса алмады. 

Бір жылдың ішінде шабуылшының құны 900 мың еуроға түсіп кетті. Қазіргі уақытта оның трансфердегі құны - 1,6 миллион еуро. 



Жаңалықтар