ffVWLsg2TCIlnqPoXMMzOGPetBqwKMNrObnHHfUi
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" Шымкентте 9 ойын қатарынан жеңілмей келе жатыр

"Астана" Шымкентте 9 ойын қатарынан жеңілмей келе жатыр
"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" 2017 жылғы Премьер-Лигадағы алғашқы матчын сырт алаңда "Ордабасы" командасына қарсы ойынмен бастайды. Шымкенттегі ойын 8 наурыз күні Қажымұқан стадионында өтеді. Осыған байланысты елордалық клубтың баспасөз қызметі командалардың арасындағы кездесулер тарихымен таныстырды.

Елордалық команданың ойыншылары соңғы уақытта өздерінің мықтылығын танытып, онтүстік-қазақстанда 9 ойын қатарынан жеңілмей келе жатыр. Команда соңғы рет 2011 жылы 17 қыркүйекте 3:2 есебімен оңтүстік-қазақстандықтарға жеңілген еді. Сол кездесуде "Астана" сапынан Қайрат Нұрдаулетов пен Максим Жалмағамбетов гол соққан.

Сол уақыттан бері астаналықтар 8 ойында жеңіске жетсе, 1 кездесуде тең түскен. Станимир Стойлов шәкірттері 2016 жылы сырт алаңда Сергей Бойченко қақпасына 3 гол соғып, өз қақпаларына бір гол соғу арқылы сырт алаңдағы ең ірі жеңісті тіркеген болатын. Сол ойында "Астана" сапынан Джордже Деспотович пен Марин Аничич бір-бір голдан соқса, тағы бір голды шымкенттіктер өз қақпаларына соғып алған еді.

Ал жалпы, екі команда арасындағы кездесулердегі ең ірі жеңісті 2014 жылғы маусымда "Астана" командасы "Ордабасы" қақпасына жауапсыз 5 гол соғу арқылы тіркеген болатын. Сол кездесуде Патрик Твумаси мен Фокси Кетевоама қос дубль авторы атанса, тағы бір допты Таңат Нөсербаев соққан еді. 

Екі команда өзара жалпы саны 26 кездесу өткізіп, 17 кездесуде елордалықтар жеңіске жетсе, 5 ойында "Ордабасы" командасы басым түсіп, 4 кездесу тең аяқталған. Доп айырмасы 44-24 есебімен Қазақстанның үш дүркін чемпиондарының пайдасына.

«Ордабасыға» қарсы кездесулердегі "Астана" командасының ең үздік сұрмергені Патрик Твумаси. Ол шымкенттіктердің қақпасынан 7 мәрте саңлау тапқан. Таңат Нөсербаев пен Фокси Кетевоаманың еншісінде 5 доптан. Бұл ойыншылардан бөлек Марин Аничич пен Джуниор Кабананга 2 голдан соқса, Серікжан Мужыковтың еншісінде бір гол мен бір нәтижелі пас бар.

2016 жылғы маусымда жоғарыда аталған ойыншылардан бөлек, Джордже Деспотович пен Азат Нұрғалиев "Ордабасы" қақпасына гол соққан. Соңғысы осы маусымды шымкентттік команда сапында өткізеді.

Қазіргі таңда "Ордабасы" командасы сапында кезінде елордалық командада доп тепкен бірнеше ойыншылар бар. Жоғарыда аталған Нұрғалиев пен Нөсербаевтан бөлек, қорғаушылар Талғат Адырбеков, Мұхтар Мұхтаров және Ренат Абдуллин, жартылай қорғаушы Қайрат Әшірбеков кезінде "Астана" сапында өнер көрсеткен.  Ал «Астана» сапында Шымкент футбол мектебінің бір ғана түлегі бар. Ол команда қақпашысы Александр Мокин.

Естеріңізге сала кетейік, ойын 8 наурыз күні Шымкент қаласында өтеді. Кездесуді "Kazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар