"Астана" шабуылшысы Қазақстан біріншілігінде ойнайтын командаға ауысты

Сурет: "Қызыл-Жар" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" командасының босниялық шабуылшысы Семир Смайлагич "Қызыл-Жар" командасына жалға берілді. Ол жаңа командасы сапында жыл соңына дейін ойнайды. 

Семир Смайлагич - "Сараево" футбол мектебінің түлегі. Сондай-ақ, ол өз карьерасында "Младост" және "Слобода" командаларының намысын қорғаған. "Астана" сапына ол биыл маусым басында қосылды. 

Биылғы маусымда Қазақстан біріншілігінде 22 жастағы Смайлагич 11 кездесуге қатысып, бір голдық пас берген. 

Метки:
Жаңалықтар