Фоксидің соңғы командасы Түркияның екінші бірінші лигасында ойнайтын "Балыкесирспор" командасы болған еді. Маусымда оның командамен келісімшарты аяқталды.
Биыл "Балыкесирспор" командасы 18 команданың ішінде 38 ұпай жинап 13 орынға жайғасты. Кетевоама 26 кездесуге қатысып, бес гол соқты.
Бұл ойыншы қазақстандық жанкүйерлерге "Астана" сапында ойнағанымен жақсы таныс. Ол елордалық клубтың намысын 2015 және 2015 жылдар аралығында қорғаған, 109 кездесуде 26 гол салған еді.
"Астана" сапында жартылай қорғаушы 2014 және 2015 жылдары Қазақстан чемпионы атанды. 2012 жылы Қазақстан кубогін, 2015 жылы Қазақстан суперкубогін ұтты. Одан бөлек, 2014 жылы 16 гол соғып, үздік сұрмерген атанған болатын.
Еуропада ол "Диошдьер", "Уйпешт", "Кечкемет" және түркиялық "Газиантеп ББ" командаларының намысын қорғады.
2002 жылдан бері ОАР құрамасына шақырту алып, ұлттық құрамасында 43 кездесу өткізген.
Transfermarkt ақпараты бойынша қазір бұл футболшының құны 200 мың еуро екен.