"Астана" ресейлік футболшымен келісімшартқа отырды
28 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Валерий Чуперка "Астана" клубымен келісімшарт жасады.
28 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Валерий Чуперка "Астана" клубымен келісімшарт жасады.
Елордалық "Астана" бұл трансфер туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ ҚКФЛ футболшының "Астананың" жаңа маусымға арналған құрамына енгенін хабарлады.
Чуперка 2020 жылы "гол + пас" жүйесінде "Тамбовтың" көшбасшысы болды. Өткен жылы 25 ойында 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. РПЛ-дің ағымдағы маусымында 16 матч өткізіп, 2 гол соқты. Бірақ ол "Тамбов" клубымен келісімшартты бұзып, командадан кетіп қалды.
Чуперка бұған дейін "Енисей", "Краснодар", "Балтика", "Ростов", "Томь", "Анжи", "Спартак Нальчик" және молдавиялық "УТМ академиясында" ойнаған.
Жарнама