КПЛ
21 қыркүйек 2020 19:07

"Астана" Пол Эушорттың орнына шетелдік бапкерді шақыратын болып шешті

Пол Эушорт. Сурет "Астана" сайтынан алынды.
"Астана" командасының басшылары клубтың тізгінін уақытша ұстап жүрген Пол Эшуорттың жұмысына көңілі толмай отыр екен. Сол үшін де елордалық клуб қазіргі уақытта жаңа бас бапкер іздестіріп жатыр,- деп хабарлайды Meta-ratings.kz.


Британдық бапкердің бастамасымен "Астана" Қазақстан біріншілігінің екі матчында ұпай жоғалтты. Тарқатып айтсақ, клуб "Тараз" және "Шахтер" командаларымен 1:1 ойнаса, "Ордабасы" командасынан 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазір команда көш басында келе жатқан "Қайраттан" алты ұпай қалып келеді. 

Осыған байланысты команда басшылары бірнеше шетелдік бапкерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Ал "Оқжетпесті" жаттықтырып жүрген Андрей Карпович болса клубтің тізгінін ұстамайтын болды. 

Пол Эшуорттың бастамасымен "Астананың" биылғы маусымдағы ең сәтсіз ойынын Еуропа лигасында болады. Бұл турнирдің екінші іріктеу кезеңінде астаналық ұжым черногорияның "Будучность" командасымен кездесіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды. 

Еске салайық, Эшуорт бас бапкерлік қызметті уақытша атқарып жатыр. Ол қызметінен қуылған Михал Билектің орнына келген болатын.