3CmXQzOYyF3NwmvMHI8mgIYeUT0aYoGM20VMa30l
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" ойыншылары қатерлі ісікке шалдыққан баламен кездесті

"Астана" ойыншылары қатерлі ісікке шалдыққан баламен кездесті
"Астана" ФК ресми сайтынан
Көкшетаулық Әлішер Нұрғалиге өте қауіпті ауру саналатын қатерлі ісік диагнозы қойылған. Әлішерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің квотасы бойынша  Түркияның Анталия қаласындағы «Медикалпарк» клиникасына ота жасауға  жіберген. Әлішерге АҚШ-нан донор табылып, сүйек кемігін трансплантаттау бойынша ота жасалады.

Бүгін 17 жастағы азамат Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Астана» командасы орналасқан қонақ үйге келіп, команда ойыншыларымен бейресми түрде кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz. Елордалықтар өз жерлестерімен емен-жарқын әңгімелесіп, ойыншылардың қолтаңбалары қойылған «Астана» командасының ойын жейдесін Әлішерге сыйға тартып, алдағы болатын тулалық «Арсенал» командасына қарсы өткізетін кездесуге арнайы шақырды.

-       «Астана» футбол клубы өз алдына тек спорттық мақсаттар ғана емес, әлеуметтік жауапкершілікті де баса назарға қояды. Біз Әлішердің Түркияда екенін естіген сәтте бірден кездесу өткізуге келісіп, осындай қиын жағдайға түскен жерлесімізге қолдау білдіргіміз келді. Барша «Астана» футбол клубының ұжымы атынан жерлесімізге алдағы отасы сәтті өтіп, тезірек жазылуын тілейміз.- дейді «Астана» футбол клубы бас бапкерінің асистенті Григорий Бабаян.




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар