"Астана" ойыншылары қатерлі ісікке шалдыққан баламен кездесті
"Астана" ФК ресми сайтынан
Көкшетаулық Әлішер Нұрғалиге өте қауіпті ауру саналатын қатерлі ісік диагнозы қойылған. Әлішерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің квотасы бойынша Түркияның Анталия қаласындағы «Медикалпарк» клиникасына ота жасауға жіберген. Әлішерге АҚШ-нан донор табылып, сүйек кемігін трансплантаттау бойынша ота жасалады.
Бүгін 17 жастағы азамат Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Астана» командасы орналасқан қонақ үйге келіп, команда ойыншыларымен бейресми түрде кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz. Елордалықтар өз жерлестерімен емен-жарқын әңгімелесіп, ойыншылардың қолтаңбалары қойылған «Астана» командасының ойын жейдесін Әлішерге сыйға тартып, алдағы болатын тулалық «Арсенал» командасына қарсы өткізетін кездесуге арнайы шақырды.
- «Астана» футбол клубы өз алдына тек спорттық мақсаттар ғана емес, әлеуметтік жауапкершілікті де баса назарға қояды. Біз Әлішердің Түркияда екенін естіген сәтте бірден кездесу өткізуге келісіп, осындай қиын жағдайға түскен жерлесімізге қолдау білдіргіміз келді. Барша «Астана» футбол клубының ұжымы атынан жерлесімізге алдағы отасы сәтті өтіп, тезірек жазылуын тілейміз.- дейді «Астана» футбол клубы бас бапкерінің асистенті Григорий Бабаян.

Жарнама