"Астана" Михал Билектің қызметінен кеткенін хабарлады
Михал Билек. Сурет "Астанан" сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" командасының бас бапкері Михал Билек командадан кетті,-деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Екі тарап келісімшартты бұзыпты.
"Астана" футбол клубы чехиялық маманға жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақыттағы қызметіне оның ішінде Қазақстан құрамасымен бірге сәтті өнер көрсетуін тілейді", - делінген клуб таратқан ақпаратта.
55 жастағы Билек "Астана" тізгінін қаңтар айында ұстады. Ол украиналық маман Роман Григорчуктің орнына келген еді. Сондай-ақ чех маманы Қазақстан құрамасының да бас бапкері. Бұл бапкердің бастамасымен Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу турнирінде бесінші орын алса, "Астанамен" ол Қазақстан суперкубогін жеңіп алды.
Еске салайық, 18 тамыз күні "Астана" Беларусь жерінде Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Динамо-Брес" командасына қарсы кездесу өткізіп, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Енді елордалық команда Еуропа лигасында ойнайды.

Жарнама