"Астана" мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Грекия чемпионын жаттықтыруы мүмкін

Станимир Стоилов. Сурет: ҚФФ
Елордалық "Астана" мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Станимир Стоилов грекиялық ПАОК клубының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Novsport.com

Қазіргі уақытта Салоники қаласының клубын Абел Феррейра жаттықтырып жатыр. Бірақ, дереккөздің мәліметі бойынша, жақын арада ол отставкаға жіберіледі. 

"Стоилов Феррейраның орнын басатын бапкерлердің тізімінде. Клубтың басшысы Иван Савидис биыл жүлде жеңгісі келген еді. Бірақ ПАОК бұл мүмкіндікті жіберіп алды. Команда көш бастап келе жатқан "Олимпиакостан" 14 ұпай қалып келеді", - дейді дереккөз. 

Стоиловтың соңғы жұмыс орны - Қазақстан құрамасы болған еді. Ұлттық құрамамызды бапкер 2018 жыл мен 2019 жылдың арасында жаттықтырды. Оған дейін бапкер "Астана" клубымен бірге төрт рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогі және Суперкубокті жеңіп алды. 

Метки:
Жаңалықтар