"Астана" Мавритания құрамасының қорғаушысымен келіссөз жүргізіп жатыр
Абдул Ба.©dailystar.co.uk
Мавритания құрамасы мен франциялық "Ланс" клубының қорғаушысы Абдул Ба карьерасын Қазақстанда жалғастыру мүмкін. Бұл туралы Daily Star басылымы хабарлайды.
"Астана" клубының өкілдері қазіргі уақытта қорғаушымен келіссөз жүргізіп жатыр екен. "Астанадан" бөлек, бұл футболшыға Англияның "Ноттингем Форест" және "Блэкберн" командалары қызығып отыр екен.
Айта кетейік, 22 жастағы футболшы "Ланс" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Франция біріншілігінде ол осы уақытқа дейін 9 ғана ойынға қатысып, 1 гол соққан. Ал Францияның екінші дивизонында 25 ойын өткізген.
Басылымның таратқан мәліметі бойынша, қорғаушының таңдауы Англия клубтарына түсіп отыр екен. Бірақ Абдул Ба нақты шешім қабылдамаған.

Жарнама