"Астана" Конференция лигасындағы бірінші ойынын жанкүйерсіз өткізетін болды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" командасы Конференция лигасындағы бірінші ойынына байланысты жанкүйерлерге қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Астана" - "Арис" арасындағы матч жанкүйерсіз өтеді. 

Елордада 2021 жылғы 14 шілдедегі шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитария дәрігері А.С.Бейсенованың №23 қаулысы бойынша көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Қаулы 17 шілдеден бастап күшіне енді.

Осылайша, 2021 жылдың 22 шілдесінде өтетін УЕФА Конференциялар лигасының екінші турының матчі көрерменсіз өтеді.

Клуб ұжымы мен негізгі командасы бұл жаңалықты естіп көңілдері түсті. "Астана" ФК жанкүйерлердің "Астана-Арена" стадионының трибуналарына қатысуы үшін бар күшін салды, бірақ қазіргі уақытта қаладағы эпидемиологиялық жағдай көрермендердің қатысуымен матч өткізуге мүмкіндік бермейді, себебі адамдардың денсаулығы бәрінен де жоғары.

Алдағы ақпараттарды "Астана" футбол клубының ресми ресурстарында қадағалауыңызды сұраймыз", - делінген клуб таратқан хабарламада.

Метки:
Жаңалықтар