"Астана" Конференция лигасына қатысатын құрамын жариялады

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" футбол клубы Конференция лигасына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Астана" командасы биыл бірінші рет өтетін Конференция лигасын екінші кезеңнен бастайды. 22 шілде күні Андрей Тихоновтің тәлімгерлері "Астана-Аренада" грекиялық "Арис" командасын қабылдайды. Жауапты кездесу 29 шілде күні Салоники қаласында өтеді. 

Бұл ойынға қатысатын "Астана" құрамы мынадай:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов, Александр Заруцкий, Данил Подымский;

Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Марк Гурман, Абзал Бейсебеков, Сағи Совет, Лев Скворцов, Энрике Лопес, Лука Шимунович, Энео Битри, Жарко Томашевич;

Жартылай қорғаушылар: Макс Эбонг, Исламбек Қуат, Марин Томасов, Тигран Барсегян, Мейрамбек Қалмырза, Сұлтан Сағынаев, Педро Эуженио, Әлдайыр Әділов, Валерий Чуперка;

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Станислав Басманов және Владислав Прокопенко.

Метки:
Жаңалықтар