"Астана" командасының бапкерлер құрамында өзгеріс болды

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" командасына қақпашыларды жаттықтыратын жаңа бапкер келді. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграмм каналы хабарлап отыр. 

Қазақстанның алты дүркін чемпиондарының қақпашысын Олег Воскобойников жаттықтырады. Ол жұмысына кірісіп кеткен. Екі күннен бері жаттығу өткізіп жатыр. Бұл қызметке оны Бағлан Ергешев шақырған екен. Бұған дейін "Астана" командасында қақпашыларды Николай Родионов жаттықтыратын. 

Бұдан былай Родионов Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қосынында жұмыс істейтін болады. 

Ал 50 жастағы Воскобойников осыған дейін "Ордабасы" және "Қайрат" командаларында жұмыс істеген. 

Еске салайық, "Астана" ел біріншілігінің 19 турынан кейін "Тобылдан" екі ұпай қалып, екінші орында келеді. 

 

Метки:
Жаңалықтар