КПЛ
15 шілде 2021 17:34

"Астана" командасына трансфер жасауға тыйым салынды

Ласло Кляйнхайслер. Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" командасына трансфер жасауға тыйым салынды. Енді командадан ұпай алып тастауы мүмкін, деп жазады "Тень отца Гурмана" телеграмм-каналы. 

"Астана" команданың бұрынғы футболшысы, Венгрия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслерге толық жалақысын төлемеген. Сол үшін де командаға трансферлік бан қойылған. 

Футболшының өкілі Георгий Карпачан ФИФА-ның бұл шешімі күшіне енгеніне куә болуы үшін өзі арнайы Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Ал шешім бүгін, яғни 15 шілдеден бастап күшіне енеді. 

Еске салайық, 27 жастағы Кляйнхайслер "Астана сапында 2017-2018 жылдары ойнады. Содан соң хорватиялық "Осиек" командасына ауысып кетті.