Елордалық "Астана" командасы шабуылшы Асхат Айымбетовтің орнын басатын шабуылшы іздеп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
25 жастағы шабуылшының жалға берілген уақыты аяқталды. Енді ол Ресей біріншілігіне шыққан самаралық "Крылья Советов" командасына оралады.
Дереккөз мәліметінше, Айымбетовтің орнын "Астана" сапында Албания құрамасының шабуылшысы Беким Балай басуы мүмкін. Ол соңғы екі маусымды австриялық "Штурм" командасы сапында өткізген. 30 жастағы шабуылшы Австрия чемпионатында 57 кездесуге қатысып, тоғыз гол соққан.
Еске салайық, өткен маусымда Айымбетов "Қайрат" сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанған. Ал қыста ол "Урал" командасына бақылауға барып, өтпей қалды.
Сөйтіп Айымбетов "Крылья Советов" командасымен келісімшарт жасады. Қыста ол жарты жылға "Астанаға" жалға берілді. Биыл шабуылшы елордалық команда сапында 12 кездесуге қатысып, бес гол соғып, бір голдық пас берді.