Айта кетейік, бұған дейін Тихоновтің өзі Нұр-Сұлтан қаласына "Астанамен" келіссөз жүргізу үшін ұшып келе жатқанын айтты.
Еске салайық, Қазақстан біріншілігінің 12-турынан кейін "Астана" командасы екінші орында келе жатыр. Елордалық клуб "Қайраттан" сегіз ұпай артты.
"Астана" командасы алдымен Михал Билекті содан соң Пол Эушортты қызметінен босатқан соң бас бапкерсіз қалды.
Футболшы карьерасында ресейлік маман мәскеулік "Спартак", "Крылья Советов", "Химки" және астаналық "Локомотив" командаларында ойнаған. Ал Ресей құрамасы үшін жартылай қорғаушы 29 матчқа қатысып, бір гол салған екен.
Тихонов бапкерлікпен 2008 жылдан "Крыльях Советов" командасында айналыса бастаған. Кейін "Спартак" пен "Краснодарды" жаттықтырды.