"Астана" Қазақстан құрамасы шабуылшысының келісімшартына байланысты мәлімдеме жасады

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" футбол командасы мен Роман Муртазаев келісімшартты бұзатын болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Муртазаев карьерасын 2017 жылы елордалық команда сапында бастаған болатын. "Астана" сапында ол үш маусым өткізді. АЛ 2020 жылы Роман қостанайлық "Тобыл" сапында ойнап, биыл маусым басында "Астанаға" оралды.

Жалпы "Астана" командасы үшін Қазақстан құрамасының шабуылшысы 149 ойын өткізіп, 30 гол соғып, 26 голдық пас берді. Ол командамен бірге үш рет Қазақстан чемпионы атанып, екі рет Қазақстан суперкубогін жеңіп алған.

Метки:
Жаңалықтар