"Астана" Қазақстан біріншілігінде қатарынан екінші ойында жеңіліп қалды
Елордалық "Астана" футбол клубы Қазақстан біріншілігінің 18-ші турында "Қызыл-Жар" командасынан жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Елордалық "Астана" футбол клубы Қазақстан біріншілігінің 18-ші турында "Қызыл-Жар" командасынан жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Петропавловск қаласында өткен ойын 3:2 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды.
Есепті ойынның үшінші минутында "Қызыл-Жар" командасының украиналық қорғаушысы Максим Драченко ашты. Ал 11-ші минутта тағы бір украиналық ойыншы Юрий https://kaz.vesti.kz/boxing/alemge-kazak-stil-ekenn-korsettm-janbek-orta-salmakta-kez-15601/ алаң иелерінің екінші голын соқты.
"Астана" командасы тек екінші таймда ғана гол соқты. 51-ші минутта Исламбек Қуат есепті қысқартқан болатын. Алайда, 68-ші минутта Дарко Зорич есепті тағы еселеп кетті.
Кездесудегі нүктені қонақ команданың шабуылшысы Абат Айымбетов қойды. Ол 86-шы минутта көзге түсті.
Айта кетейік, бұл "Астана" командасының қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін Андрей Тихоновтің тәлімгерлері өз алаңдарында "Ордабасы" командасынан 0:2 есебімен жеңілді.
Осы ойыннан кейін "Астана" 38 ұпаймен екінші орында тұр. Бірақ ертең "Тобыл" ұзап кетуі немесе "Қайрат" ұпай айырмасын қысқартуы мүмкін. "Қызыл-Жар" командасы болса 25 ұпаймен төртінші сатыда тұр.
Жарнама