auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" - "Қайрат" арасындағы кездесулерде фаворит болған емес - Станимир Стоилов

"Астана" - "Қайрат" арасындағы кездесулерде фаворит болған емес -  Станимир Стоилов
2 мамыр «Астана Арена» стадионында Қазақстан Премьер-Лигасының оныншы турының орталық матчы «Астана»-«Қайрат» арасындағы кездесу өтеді. Аталмыш кездесу туралы ойын алдындағы баспасөз жиынында елордалық команданың бас бапкері Станимир Стоилов өз пікірін білдіріп, жуналистердің сұрақтарына жауап берді: 30 Сәуір, 2017

— Тартысқа толы, қызықты, біз үшін жауапты ойын болады. Екі команда да жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүрген ұжымдар. Біз маусымаралық үзіліс кезіндегі оқу-жаттығу жиындарында дайындалған футбол мәнеріне қайтадан ораламыз деген ойдамын. Біз маусымның алғашқы турларында кішкене өзгеше ойын өрнегін көрсеттік. Жаңа алаңда, ұйымдасқан, ақылды ойын өрнегін көрсетеміз деген сенімдемін. Біздің футболшылар бұл ойынның маңыздылығын өте жақсы түсінеді. Сондықтан барын салатын болады. 

— «Астана Ареананың» жаңа алаңы қалай екен?

— Қазір алғашқы жаттығу өткіземіз. Жаңа алаңды төсегеннен кейін аздап уақыт керек. Барлықтарыңызды жаңа алаңмен құттықтаймын. Дегенмен мұны қысқы демалыс кезінде алмастыру керек болатын. Жалпы алғанда команда жаттығу жұмыстары барысында өздерін жаңа алаңда жақсы сезінеді деген сенімдемін.

— «Қайрат» командасының негізгі екі қақпашысы жарақат алып қалды. Осы туралы пікіріңіз?

— Жарақат – футболдың бір бөлшегі. Менің ойымша алдағы ойынға дейін Плотников дайын болады. Біздің де құрамымызда Ненад Эричтің жарақаты бар. Жалпы жас ойыншыларға да өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп тұру керек. Мен «Қайрат» ойыншыларының тезірек қалыпқа келуін тілеймін. Себебі екі команда да негізгі құрамдарымен алаңға шықса, жанкүйерлер үшін де ойын қызықты өтетіні анық.

— Қазіргі турнирлік кестедегі «Астана» мен «Қайрат» командаларының арасындағы ұпай айырмашылығына мән беретін болсақ, елордалық команданы осы кездесуде фаворит деуге бола ма?

— Бұл ойында ешқашан фаворит болған емес. Қазіргі айтылатын дүниелердің салмағы жоқ. Бұйырса маусым соңында турнирлік кестеге қарайтын боламыз. Барлығы маусым соңында шешіледі. Қазір ең бастысы жинақылық танытып, өзіміздің үздік ойынымызды көрсетуіміз қажет.

— Команда соңғы бірнеше ойында қақпасына гол жіберген жоқ. Бұл команда қорғаушыларының үздік тіл табысуынан ба? Әлде Александр Мокин өз ісін тиянақты атқарып жүр ме?

— Біз қорғаныстағы ойыншыларды әр ойында алмастырып отырамыз. Сондықтан біз әлі де қорғаныста жақсы ойынымызды таптық дей алмаймын. Жақында ғана Бірінші Лиганың командасына жол бердік. Ол жағын да ұмытпаған жөн. Ойынға дайындықты жоғары деңдейде жасамасаң, нәтиже де төмен болары анық. Біз жеңіске жеткен ойындарда бірінші кезекте команданың жеңіске деген құлшынысының арқасында қоржынымызға қажетті ұпайды салдық. «Қайратқа» қарсы кездесуде ақылды, жинақы ойын көрсетуіміз қажет. Футболда қай команданың жеңіске деген құлшыныс жоғары, сол комнада жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

— Соңғы ойындарда Бауыржан Исламхан өзінің бабына келгенін дәлелдеуде. Осы ойыншы туралы не айтасыз?

— Ойыншыға бағаны «Қайраттың» бапкері беру керек. Маған Бауыржанның ойыны ұнайды. Менің ойымша ол Қазақстандағы ең талантты ойыншы. Оған әлі де көп еңбектену керек. Дегенмен оның ойынына толық бағаны «Қайрат» бапкерлері береді.

— Артта қалған тоғыз турдың нәтижесіне қарап, чемпиондыққа тағы да «Астана» және «Қайрат» командалары басты үміткер деуге бола ма?

— Менің ойымша екі команда басқа ұжымдардан көш ілгері алда келе жатыр деп айтпас едім. Чемпионатта нәтижелері бізбен шамалас бірнеше команда бар. Жалпы чемпионатты кім аз қателік жіберіп, көп жеңіске жетсе сол команда үздік шығары анық.
Чемпионат – өте ұзақ жол. Бұл жолда бастысы өзіңе тиесілі ұпайды жоғалтып алмауың керек.

— Чемпионатты өткізудің жаңа жүйесі бұрынғымен салыстырғанда қаншалықты қиын?

— Бізге бәрібір. Бұрын жоғары «алтылық», төменгі «алтылық» деп бөлінетін еді. Ұпайларды бөлетін. Бұл жүйе біреулерге ұнамаған сыңайлы. Біз чемпионатты қалай да жеңіп аламыз. Сен өзіңнің мықты екеніңді дәлелдеп, қажетті ұпайды жинай білсең, чемпиондық атақты да жеңіп алатының анық. Чемпионатты өткізу жүйесі туралы чемпионатта сәтсіздікке ұшыраған командалар ойлану керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама