"Астана" футболшысына ресейлік клубтан ұсыныс түсті

Иван Маевский. Сурет "Астана" сайтынан алынды.
«Астананың» футболшысы Иван Маевский мансабын қайда жалғастыратыны туралы шешім қабылдады.

32 жастағы жартылай қорғаушы Ресей премьер-лигасындағы клубтардың бірінен шақырту алды. Маевскийдің жаңа командасы Ресей чемпионатының екінші сегіздігінде (8-16 орын) келе жатыр.

Беларуссиялық футболшының «Астанамен» келісімшарты аяқталды. Тараптар келісімді ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Маевский елордалық клубта 2017 жылдан бері ойнайды. Үш рет Қазақстан чемпионы атанды, Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Жартылай қорғаушы Беларуссия құрамасында 40 матч өткізіп үлгерген.
Метки:
Жаңалықтар