auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" да, "Қайрат" та бір-бірін қатты таң қалдырады деп ойламаймын - Станимир Стойлов

"Астана" да, "Қайрат" та бір-бірін қатты таң қалдырады деп ойламаймын - Станимир Стойлов
"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын Ресей Премьер-Лигасының "Арсенал" (Тула) командасына қарсы кездесумен аяқтады. Ойынның қалай өрбігені туралы елордалық клубтың баспасөз қызметіне бас бапкер Станимир Стойлов баяндап берді.

- Менің ойымша, бүгінгі кездесуде біз барлық жағынан жинақы ойын көрсете білдік. Қорғаныста сауатты ойнадық. Біз әр кездесуде осы жолымыздан таңбауымыз керек. Ал, шабуыл шебіне келер болсам, әлі де үлкен жұмыс жасауымыз қажет. Бүгін жеңіске жетуге бір қадам жақын болдық. Бізге әлі де шабуылдағы сенімділік жетіспейді.

- Оқу-жаттығу жиынындағы соңғы екі кездесуге Игорь Шитов қатыспады. Жарақаты қаншалықты ауыр? Қазақстан Суперкубогына қатысу мүмкіндігі бар ма?

- Ол кездесуге дейін толықтай дайын болады деп ойдамын. Игорь бүгінгі кездесуге де қатысатын еді. Дегенмен, біз тәуекелге баруды жөн санамадық. Жалпы, жаттығу жиындары барасында өзіне жеткілікті деңгейде ойын өткізді.

- Оқу-жаттығу жиыны барысындағы команданың көрсеткен ойынына көңіліңіз толды ма?

- Негізгі құрамдағы барлық ойыншылар өздеріне жеткілікті деңгейде ойын өткізді. Мен өзіме керек дүниені көрдім. Алдағы маусымды негізгі құрамда бастайтын ойыншылар тізімін іштей жобалап қойдым десем болады. Ең үлкен бәсекелестік қорғаныстағы ойыншылар арасында болмақ. Барлық қорғаушылар оқу-жаттығу жиындары барысында өздерін өте жақсы қырынан көрсете білді. Мені қуантатыны, маусым барысында бұл қорғаушылар команданың жетістіктеріне өз үлестерін қосып, кез келген қиын сәтте командаға көмек бере алады деп ойлаймын.

- «Қайрат» командасына қарсы Қазақстан Суперкубогына аз ғана уақыт қалды. Бұл кездесу туралы не айтасыз?

- Екі команда да бір-бірін қатты таң қалдырады деп ойламаймын. Дегенмен, маусымның алғашқы ойыны болғандықтан, кімнің ойыны, дайындығы жақсы сол жеңіске жетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама