"Астана" Черногория құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

Сурет: vijesti.me

Черногория құрамасының 33 жастағы шабуылшысы Фатос Бечирай "Астана" клубымен келісім-шарт жасасты. Бұл жайлы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Шабуылшы бұған дейін Динамо "Загреб", "Динамо Минск" және "Динамо Мәскеу" клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ польшалық "Висла" сапында қазақстандық футболшы Георгий Жуковпен бірге ойнады.

Бечирай - Черногория құрамасында ең көп матч өткізген футболшы (80 ойын).

Фатос «Астанада» 20-нөмірмен ойнайтын болады..

Метки:
Жаңалықтар