"Астана" Чемпиондар лигасынан шығып қалған соң "Оқжетпесті" жеңді

Елордалық "Астана" командасы ел біріншілігінің бесінші турында "Оқжетпес" командасымен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Кездесу Талғарда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. 

"Астана" сапында бірінші голды Рунар Мар Сигурьонссон соқты. Ол бірінші таймның аяқталар тұсында пенальтиді сәтті орындады. 

Кездесудің 80-минутында Сигурьонссон нәтижелі пас берді. Оның пасын Дидар Жалмұлқан сәтті пайдаланып, есепті еселеді. 

Бұл жеңістен кейін "Астана" тоғыз ұпай жинап, екінші орынға көтерілді. Ал көш басында "Қайрат" келе жатыр. Алматылық команданың еншсінде 15 ұпай бар. 






Метки:
Жаңалықтар