КПЛ
23 сәуір 2017 21:41
 
"Астана" бүгінгі көрсеткен ойынынан әлдеқайда жақсы ойнауға қауқарлы - Станимир Стоилов

  Пікірлер

blog.share

"Астана" бүгінгі көрсеткен ойынынан әлдеқайда жақсы ойнауға қауқарлы - Станимир Стоилов "Астана" ФК ресми сайтынан

Қазақстан Премьер-Лигасы 8-ші туры аясында «Астана» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдап, 4:0 есебімен тас-талқан етті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша елордалық команданың бас бапкері ойын соңындағы баспасөз жиынында матч туралы пікірімен бөлісті:

- Бүгінгі ойынның нәтижесіне, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Алайда командамның көрсеткен ойынына көңілім толмады. Нәтиже жақсы болғанымен, команда бүгінгі көрсеткен ойынынан әлдеқайда жақсы ойнауға қауқарлы.

- Ненад Эрич ойынға қатысатын ойыншылар тізімінде болған жоқ. Ненад жарақат алып қалды ма? Әлде жастарға мүмкіндік беруді жөн деп шештіңіз бе?

- Ненад Кубок жолындағы кездесуден кейін арқасын жарақаттап алды. Дәл қазір емделіп жатыр.

- Жалмұқан мен Мужиковты алмастыруыңыздың себебі неде?

- Осы аптада 3 ойын өткіздік. Жалпы менің командамда маусым бойында 13 ойыншы әр матчта алаңға шығады. Алаңға шыққан Патрик пен Аздрен қаптал арқылы шабуылды жылдамдатады деген ой болды. Бұл ойыншылар алаңға шыққаннан кейін гол соғатын өте көп мүмкіндік болды, дегенмен команда бір гол ғана соқты. Біз ойынның екінші таймында желге қарсы ойнағандықтан шабулдау тұрғысында аздаған қиындықтар болды. Сол үшін тағы бір орталық қорғаушыны алаңға шығаруды жөн санадым.

- Команданың Кубокта жеңілгені бүгінгі кездесуге қаншалықты өз әсерін берді?

- Мен жоғарыда айтқанымдай, «Астана» бүгінгі көрсеткен ойынынан да жақсы ойнай алады. Кубок кездесуінде біз өте нашар ойнадық. Ойынға деген мотивация төмен болды. Командада маңызды ойындарда алаңға шығатын 13 ойыншы ғана барын ескерсек, біздің командаға жаман ойнауға болмайды және Бірінші Лиганың командасына жеңілу жақсы көрсеткіш емес.

- Сонда, жас ойыншылардың дәрежесі төмен бе?

- Жас ойыншылар бірінші кезекте көп еңбектеніп, тәжірибелі ойыншылардан көп үйренулері керек. «Жетісуға»қарсы кездесуде олар алаңда көп талас жүргізді, нәтижелі ойын көрсетуге тырысты.  Өкінішке қарай жеңіске жете алмадық. Жас ойыншыларға көп кінә артуға болмайды. Ол матчта алаңда жауапкершілікті өз мойнына алуға тейіс бірнеше ойыншы өнер көрсетті. Жас ойыншылар барынша жоғары дәрежеде еңбектеніп, өздеріне берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланулары керек. Бір ойында өзін көрсете алмаса, келесі ойында жақсы қарынан танылуға ұмтылулары тиіс. Естеріңізде болса, жас ойыншылар өткен маусымда команданы Кубоктың финалына алып шыққан болатын. Ал биылғы талпынысымыз сәтсіз болды. Қазіргі жас ойыншылар ертеңгі Қазақстан құрамасының ойыншысы екендігін ескеретін болсақ, оларға барынша мүмкіндік беруіміз қажет.

- Чемпионаттағы басты бәсекелестеріңіз «Қайрат» командасы сырт алаңда павлодарлық «Ертіске» қарсы ойнап, ұпай жоғалтты. Ойын басталмай тұрып, басты бәсекелестеріңіздің ұпай жоғалтқанын есту психологиялық тұрғыда командаға қалай әсер етті?

- Бізге әр ойында алатын үш ұпай маңызды. Біз тек «Қайрат» командасының нәтижесімен санаспаймыз. Чемпионаттағы турнирлік кестеде алғашқы сатыда келе жатқан бірнеше команда бар. Маусым әлі ұзақ. Чемпиондық үшін талас соңғы турға дейін жалғасады деген ойдамын. «Астанаға» кез келген ойында ұпай жоғалтпау маңызды. Шынын айтар болсам, мен үшін басқа командалардың нәтижесі емес, өз командамның нәтижелі ойыны маңызды.

- Еліміздегі «болгариялық дерби» әрқашан қызықты өтеді. Көбіне тең нәтиже тіркеліп жатады. «Астана» келесі турда Қызылордалық «Қайсарға» қарсы ойнайды. Бұл ойыннан қандай нәтиже күтесіз?

- Менің ойымша «Қайсар» осы маусымды сәтті бастады. Команда құрамындағы ойыншылар да, бапкері де өте жақсы. Тартысқа толы, қызықты матч болады деп ойлаймын. Ең бастысы жасыл алаңның сапасы сын көтерсе болғаны.

Жарнама

Живи спортом!