"Астана" Армения құрамасының ойыншысын қатарына қосты

Соломон Удо. Сурет: ФК "Бананц"
Армения құрамасының жартылай қорауғшысы Соломон Удо карьерасын Қазақстанда жалғастырады. 

Armsport.am хабарлауынша, 25 жастағы футболшы "Астана" сапына ауысады. Елордалық клубқа ол тегін бұйырып отыр. 

Удоның соңғы клубы армениялық "Ширак" командасы болды. Ол биылғы маусымда 19 кездесуге қатысып, екі гол және бес нәтижелі пас берген. Оның командамен келісімшарты маусымда аяқталған. 

Армения азаматтығы бар Удо Қазақстан біріншілігінде легионер болып саналмайды. Жартылай қорғаушы Арменияда 2015 жылдан бері ойнап келеді. Оған дейін ол бельгиялық "Эйпен" және сенегалдық "Эспайр" командаларының намысын қорғаған. 

Маусым айында Армения футбол федерациясы Удоның азаматтық алып, құрама сапында ойнайтынын айтты. Армения сапындағы алғашқы кездесуін ол күзде өткізуі керек. 

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" командасы сербиялық қорғаушы Урош Радаковичті қатарға қосқан еді. Сербиялық ойыншыны елордалық команда жалға алды. 



Метки:
Жаңалықтар