КПЛ
16 қаңтар 2017 16:48
 

"Астана" Араб Әмірлігіндегі алғашқы жаттығуына кірісті

  Пікірлер

blog.share

"Астана" Араб Әмірлігіндегі алғашқы жаттығуына кірісті ©fca.kz

Біріккен Араб Әмірлігіндегі "Астана" командасының оқу-жаттығу жиындары басталды.

blog.share

Біріккен Араб Әмірлігіндегі "Астана" командасының оқу-жаттығу жиындары басталды.

Жаттығу жиынының алғашқы кезеңі негізгі құрам ойыншыларының физикалық дайындығын қалпына келтіруге арналады. Оқу-жаттығу жиыны соңында «Астана» командасы "Рига" (Латвия) және Азия конфедерациясы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, Оңтүстік Кореяның қазіргі чемпионы "Чонбук Хенде" командаларына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.

Өткен маусымда команданың жеңісіне ерекше үлес қосқан ойыншылардан бөлек, Дубайдағы жиынға "Астана" командасымен осы маусымда келісімшартқа отырған шабуыл шебінің ойыншылары Роман Мұртазаев пен Аздрен Лулаку да қатысып жатыр. Одан бөлек, команда сапында жастар құрамасының ойыншылары – қорғаушы Дінмұхамед Қашкен, жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев және шабуылшы Владислав Прокопенко да бар. 

 

Жарнама

Живи спортом!