auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" алдына тек биік мақсаттар қояды - Дмитрий Шомко

"Астана" алдына тек биік мақсаттар қояды - Дмитрий Шомко
Дмитрий Шомко. "Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" футбол клубы елордада жаттығу жұмыстарын бастады. Команда осыдан кейін Қазақстан Суперкубогы үшін Алматыға аттанады.
               
"Астана" командасының қорғаушысы Дмитрий Шомко команданың алдағы маусымға дайындығы туралы клубтың баспасөз қызметіне айтып берді.

- Барлығы жоспарымызға сай өтуде. Көңіл-күй керемет. Оқу-жаттығу жиыны өте жоғары дәрежеде өтті. Бірнеше жолдастық кездесулер өткіздік. Бапкерлер тарапынан берілген жүктемелерді, тапсырмаларды сәтті орындадық деген ойдамын. Ең бастысы, алдағы маусымға ешқандай жарақатсыз қадам басып отырмыз.

- Оқу-жаттығу жиындарындағы бірнеше кездесуде капитандық міндет атқардыңыз. "Астана" капитаны болған қалай екен?

- Капитандық міндет - командаластар, жанкүйерлер және клуб басшылығы алдындағы үлкен жауапкершілік.

- Команда сапына қосылған жаңа ойыншылар туралы не айтасыз?

- Барлық жаңа ойыншылар командаға тез сіңісіп кетті. Роман мен Дидарды ел чемпионатындағы және Ұлттық құрамадағы ойындары арқылы білемін. Мұртазаев өткен маусымда Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атануға бір табан жақын қалды. Дегенмен, осы маусымда өткен маусымдағы жетістігінен де жоғары нәтиже көрсетеді деп сенемін. Басқа келген ойыншылардың да тәжірибелері толысқан, тісқаққан ойыншылар. Мысалы, Иван Маевскийдің Беларусь құрамасы сапында жинаған тәжирибесі жетерлік.

- Өткен маусымда ойын соңындағы пенальти сериясынан "Қайрат" командасына есе жіберген едіңіздер. Осы маусымның алғашқы кездесуінде 4 наурыз күні Алматыда «Қайрат» командасына қарсы өткізесіздер. Кеткен есені қайтару ойда бар ма?

- Өзіміздің ойнап жүрген ойынымызды ойнап, кездесуді пенальти сериясына дейін жеткізбеуге тырысамыз. Қазақстан Кубогының финалындағыдай ауа райы нашарлап кетпесе, жақсы ойын болады деп ойлаймын. Маусым соңында қалың жауған қардың кесірінен екі команданың да жанкүйерлері лайықты дәрежеде ойын көре алмаған еді.

- Алдағы маусымнан не күтесіз?

- "Астана" командасы алдына тек биік мақсаттар қояды. Қазақстан Чемпионатында үш маусым қатарынан чемпион атандық. Осы атақты лайықты қорғау бізге аса маңызды. Ал, Чемпиондар Лигасына келер болсақ, біз тағы бір мәрте топтық кезеңде ойнағымыз келді. Ол үшін бар күшімізді саламыз.

- Өзіңе қандай мақсат қоясың?

- Әрине ең биік мақсаттар қоямын. Оған жету жолында еңбектенетін боламын.

- Команда жанкүйерлеріне тілегіңіз?

- Жанкүйерлер – біздің "12 ойыншыларымыз". Біз олардың қолдауын маусым бойы сезіне алдық. Соңғы жылдарда біздің жанкүйерлер саны көбейіп, стандионда өте жақсы көңіл-күй сыйлауда. Тағы бір қуанарлық жәйт, еурододалар кезінде бізге тек Астаналық жанкүйерлер ғана емес, Қазақастанның түкпір-түкпірінен қолдау білдіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама