auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Аршавин "Қайрат" сапында қандай айлық алғаны белгілі болды

Алматылықтар үшін ол үш маусым ойнады.

Аршавин "Қайрат" сапында қандай айлық алғаны белгілі болды
© Vesti.kz
Андрей Аршавин "Қайрат" сапында 1,5 миллион доллар алып жүрді. Мұндай мәліметтерді польшалық журналист Мариуш Бельский өз мақаласында жазған, - деп хабарлайды 2×45.info.

Польшалық журналистің мақаласы таяуда алматылық клубқа ауысқан Конрад Вржещиньскиге арналған. Мақалада Бельский өз әріптесі Карол Боченеканың ҚПЛ жалақылар туралы айтқанын жазған.

"Қазақстанда үздік ойыншылар жылына 300-400 мың доллар алады. Тек Аршавин ғана ресми түрде 1,5 миллион доллар алған, ал бейресми 2,5 миллион", - деді Карол Боченек.

Vesti.kz порталының мәліметінше, "Қайрат" Аршавин мансабындағы соңғы клуб боғлан. 2016-2018 жылдары аралығында ресейлік футболшы алматылық клуб сапында 107 ойынға қатысып, 30 гол салып, 37 нәтижелі пас шығарды. Сондай-ақ, ол 13 рет ескерту алып, бір рет алаңнан қуылды. Ол үш рет ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, Қазақстанның Кубогы мен Суперкубокты жеңді.

Аршавин ресейлік "Зенит" және лондондық "Арсенал" клубтары үшін өнер көрсеткен. Ресей құрамасында 2008 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.

2018 жылы желтоқсанда ол "Зенит" құрамына қайта барды. Ол жас таланттармен жұмыс істеуге бағытталған "Сириус" жобасына жетекшілік етеді.

Осыған дейін, қазақстандық клубтар футболшылардың жалақысына 63 миллион еуро жұмсағаны туралы хабарланды. 2017 жылы БАҚ "Қайрат" ойыншысы Жерер Гоудың жалақысын жариялаған еді: Jeune Afrique мәліметінше, ивуарлық шабуылшы жылына екі миллион еуро алып отырған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар