КПЛ
2 желтоқсан 2020 16:35

Армения құрамасының қақпашысы қазақстандық клубтан кетті

Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.
34 жастағы Армения құрамасының қақпашысы Давид Юрченко қарағандылық "Шахтер" командасынан кетті, деп хабарлайды Sport24.ru. 

"Менің "Шахтер" командасымен келісімшартым аяқталды. Қазір ергін ойыншымын. Әлі ешқандай нақты ұсыныс жоқ. Ресейге оралатын шығармын. Бұйырғанын көреміз", - деді Юрченко. 

Өткен маусымда Юрченко "Шахтер" сапында жеті кездесу өткізіп, сегіз гол жіберіп алды. Соңғы рет ол оныншы турда "Жетісу" командасына (2:3) қарсы матчта алаңға шықты. 

Биыл бұл қақпашы Армения құрамасына шақырту алып, алты кездесу өткізді. 

Ал "Шахтер" болса маусымның қорытындысы бойынша төртінші орынға жайғасып, еурокубок ойындарына жолдама алды.