"Астананың" 37 жасар тәжірибелі қорғаушысы Антонио Рукавина Sportklub.rs тілшісіне берген сұхбатында маусымға арналған мақсаттары мен ойыншы мансабын аяқтауы жөнінде айтып берді.
– Футболшы мансабыңызды аяқтаймын деп шешкеніңіз рас па?
– Әлбетте. Шамамен жарты жылдан соң аяқтайымын.
– "Астананың" былтырғы маусымда чемпиондықты жеңбеуіне не себеп?
– Қазіргі чемпиондардың жетістігін жоққа шығарғым келмейді, барлық матчтардың Алматыда өтуі "Қайрат" үшін пайдалы, ал қалғандары үшін – қиындық тудырды. Қазір барлығы орнында, сол үшін чемпионатта жаңа реттілік пайда болды, коронавирусқа дейінгі үйреншікті режимге қайта көштік.
Тоғыз ойыннан кейінгі турнирлік кестеге көз салыңызшы. Әзірге бәрі ойдағыдай. Осылай жалғаса береді дейсіз бе? Солай үміттенемін, дегенмен бізде қосалқы құрам ойыншылары тым көп емес, алайда, бағымызға орай, әзірше ол олқылық чемпионат барысында білінген жоқ.
– Қазақстан біріншілігінің тоғызыншы турындағы "Ақтөбемен" болған ойын жайлы және маусымға қойылған мақсаттарыңыз жөнінде айтып өтсеңіз.
– Қалай болғанда да, "Астана" заңды жеңіске жетті және сырт алаңда үш ұпайға қол жеткізді. Маусым барысындағы ойындар өте көп және бір-біріне жақын, үш-төрт күнде бір ойын... Клубтың амбициялары бәріне белгілі: чемпиондық атақ! Мені де, "Астананы" да күн сайын Белградтан әріптесім, қақпашы Эрич қолдап отырады.