Андрей Тихонов "Астана" сапында бірінші қиындыққа тап болды

Андрей Тихонов. Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов ел біріншілігінің алдағы ойындарында негізгі құрамда ойнайтын бірнеше футболшыларды алаңға шығара алмайды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазақстан Премьер лигасының 14-турында "Тобылға" қарсы матчқа "Астана" командасының он ойыншысы қатыса алмайды. 

Тарқатып айтсақ, Қазақстан құрамасы үшін ойнаған Юрий Перцух пен Алексей Щеткин командаға жарақатпен оралыпты. Сонымен қатар, Дорин Ротариу, Антонио Рукавина және Тигран Барсегян ұлттық құрамаларында жарақат алды. Бұл ойыншылардан бөлек, Кипр құрамасының шабуылшысы Пьерос Сотириуде де жарақат бар. 

Алдағы кездесуге қатыса алады деген ойыншылардың қатарында тек Дмитрий Шомко, Лука Шимунович және Марин Томасов ғана бар. 

Қазіргі уақытта "Астана" командасының дәрігерлері жоғарыда айтылған футболшыларға ем-дом жасап жатыр. Алдағы кездесуде жарақат алған футболшылардың бірнешеуі дәрі ішіп алаңға шығуы әбден мүмкін. 

Айта кетейік, "Астана" мен "Тобыл" арасындағы кездесу 22-қазан күні "Жас Қыран" стадионында өтеді. Матч 17:00-де басталады. Бұл кездесуде жеңіске жеткен команда турнир кестесінде екінші орынға жайғасады. 



Метки:
Жаңалықтар