КПЛ
4 қаңтар 2018 11:38
 
Андрей Аршавинді былтыр жазда "Зенитке" қайта шақырған

  Пікірлер

blog.share

Андрей Аршавинді былтыр жазда "Зенитке" қайта шақырған Сурет: : Спорт-Экспресс

"Спорта День за Днем" порталының тілшісі Алексей Андрианов алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Андрей Аршавиннің былтыр жазда санкт-петербугтік "Зенит" сапына ауыспай қалғаны туралы әңгімемен бөлісті. 

"Раухфус емханасында қызымның сынған қолына ота жасалды. Отадан кейін жарақат бөлімінің басшысына алғыс айтуға кіріп, кабинетте Андрей Аршавиннің "Арсенал" жейдесіне қол қойылған футболкасын көріп таңғалдым. Жуырда біз "Детский ковчег" балалар үйіне сыйлық алып барып бердік. Онда да Ресей құрамасының бұрынғы капитанының қолтаңбасы бар футболканы көріп қалдым. Содан соң Аршавинге "Сіз барлық жердесіз", - деген смс жібердім. Ол болса "Мен "Қайраттамын", - деп жауап берді. "Бізге қайта оралыңыз!" - "Орын жоқ". Дегенмен де өткен жазда Константин Сарсания Аршавинді "Зенитке" қайта шақырды. Бірақ ресми келіссөз болмаған. Аршавиннің петербургтық клубтың 2007 жылы чемпиондық атанған кезінің онжылдығын тойлауына қатысты. Бірақ жуырда ғана келісімшартын ұзартқан "Қайраттың" футболшысы ретінде қатысты", - деп жазды автор. 

Аршавин 2015 жылдан бері "Қайрат" сапында өнер көрсетіп келеді. Алматылық клуб сапында ол екі рет Қазақстан премьер-лигасының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар Қазақстаны кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Қараша айында ресейлік жартылай қорғаушы "Қайтарпен" келісімшартын ұзартты. "Зенти" сапында ол Аршавин 2000 және 2008 жыл мен 2013 және 2015 жылдар аралығында өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Сарсания "Зениттің" спорттық директоры қызметін атқарған. Былтыр қазан айында өмірден өтіп кетті. 

Жарнама

Живи спортом!