КПЛ
7 наурыз 2017 01:39
 
Алматыдан жеңіспен ораламыз деп сенемін - Саят Жұмағали

  Пікірлер

blog.share

Алматыдан жеңіспен ораламыз деп сенемін - Саят Жұмағали Саят Жұмағали. "Ақтөбе" ФК ресми сайтынан

"Ақтөбе" футбол клубының қорғаушысы Саят Жұмағали Шымкентте өтіп жатқан жиын жайлы клуб баспасөз-қызметіне қысқаша пікір білдірді.

- Саят, Шымкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны жайлы пікір білдіре кетсең?

- Қазір оқу-жаттығу жиыны Шымкентте өтіп жатыр. Ауа-райы да қолайлы болып тұр. Жаттығу алаңдары да сапалы. Жақсылап жұмыс жасап, жаттығу жасауға барлық жақсы жағдай жасалған. Өзіңді бапкерлік штаб алдында көрсетіп, алға өсе беруіміз үшін барымызды салып жатырмыз.

- Сен Түркияда екі толыққанды оқу-жаттығыу жиындарына қатысып келдің. Бұл жиындар саған не берді, қандай пайда ала алдың?

- Иә, командамыз екі рет Түркияда ОЖЖ өткізіп келді, ол жиындар мен үшін өте пайдалы болды. Әр ойында маған уақыт беріліп отырды, ойынның екінші таймын толықтай ойнап отырдым. Дегенмен, менің позициямда, яғни орталық қорғаныста бәсекелестік жоғары. Қалай болғанда да, бапкердің сенімінен шығып, алаңда өз шеберлігімді паш ету үшін тынбай еңбектеніп жатырмын. Көптеп тәжірибе жинақтап жатырмын деп айтсам болады.

- 8 наурыз күні Алматы қаласында чемпионаттың алғашқы ойыны басталады. Қарсыластарыңыз – кеше ғана Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған «Қайрат» клубы. Команда сырт алаңда ұрыс салуға қаншалықты дайын? Алматыдағы кездесуден қандай нәтиже күтсек болады?

- Қандай қарсылас болмасын, жеңіс үшін барымызды салатын боламыз. Бізге керегі тек жеңіс, одан басқаны ойлаудың да қажеті жоқ. Команда тас-түйін дайын. Алматыдан жеңіспен ораламыз деп сенемін.

- Сөз соңында әдеттегідей жанкүйерлерге тілерің?

- Жанкүйерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Олар Қазақстанның кез-келген қаласына барып, бізді қолдаудан шаршамайды. Сол үшін де көптен-көп рақмет айтамын. Біз жанкүйерлер үшін ойнаймыз, олардың сенімін ақтау үшін келеді.

blog.share
"Ақтөбе" футбол клубының қорғаушысы
Саят Жұмағали Шымкентте өтіп жатқан жиын жайлы клуб баспасөз-қызметіне қысқаша пікір білдірді.

Жарнама

Живи спортом!