КПЛ
6 шілде 2021 17:38
 

Алексей Шпилевский жаңа командасымен қатарынан үш рет ірі жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Алексей Шпилевский жаңа командасымен қатарынан үш рет ірі жеңіске жетті Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

"Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилевский жаттықтыратын германиялық «Эрцгебирге» футбол клубы қатарынан үш жолдастық кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

blog.share

"Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилевский жаттықтыратын германиялық «Эрцгебирге» футбол клубы қатарынан үш жолдастық кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Неміс командасы алғашқы матчта Бамбергтің «Айнтрахт» командасын – 5:0 есебімен ұтты. Бұл ойында қазақстандық Дмитрий Назаров дубль авторы атанды.

3 шілдеде Алексей Шпилевский баптайтын жігіттер 45 минуттық екі ойын өткізді. Алдымен "Эрцгебирге" "Гройтер Фюрт" жастарының қақпасына үш жауапсыз гол соқса, артынша "Ауэрбах" командасын – 4:1 есебімен ойсыратты.

Естеріңізге сала кетсек, Алексей Шпилевский Германияға маусымның басында "Қайраттан" ауысып аттанған болатын. Қазақстанда ол 2,5 жыл жұмыс жасады. Беларус маманы алматылық клубты чемпиондыққа жеткізген болатын.

Жарнама

Живи спортом!