Алексей Щеткин карьерасын Ресей біріншілігіндегі командада жалғастырады

Сурет "Ротор" сайтынан алынды.

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин мансабын Ресей премьер-лигасының клубында жалғастырады. Бұл туралы Sport24 порталы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, шабуылшы "Уфа" клубының қатарын толықтырады. 

Осыған дейін Щеткин "Ротор" командасының намысын қорғады. Бірақ аталған клуб РПЛ-ден шығып қалды.

Айта кетейік, шабуылшы волгоградтық клуб сапында бес матчқа қатысып, екі мәрте мергендігімен көзге түсті.

Метки:
Жаңалықтар