Алексей Бага "Ақтөбе" командасының бас бапкерлік қызметінен кетуі мүмкін

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақтөбенің" бас бапкері Алексей Бага жақын уақытта командадан кетуі мүмкін.

Белоруссиялық маманның басшылығымен "Ақтөбе" маусымды жақсы бастағанымен, соңғы төрт матчтың бәрінде жеңіліске ұшырады. Басшылық бапкердің алдына нақты міндет қойды. Яғни, команда "Жетісу" және "Қайсармен" болатын матчта алты ұпай алу қажет

Клуб басшылығы жаңа бас бапкер іздеуді бастап кетті. Бага алты ұпай жинағанның өзінде, екінші айналымға дейін қалуы екіталай.

Ал инсайдер Айдын Қожахметтің мәліметіне сүйенсек, Баганың "Ақтөбеден" кететіні туралы нақты шешім шығып қойған. Бага команданың сәтсіз ойынына басты кінәлі адам деп танылды.

Метки:
Жаңалықтар