auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алда бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр - Мәди Жақыпбаев

Алда бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр - Мәди Жақыпбаев
Мәди Жақыпбаев. "Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" командасының ең жас дебютанты Мәди Жақыпбаев елордалық ұжым сапындағы алғашқы кездесуін 15 жасында өткізген еді. Мәди үшін 2017 жыл Қазақстан чемпиондары сапындағы екінші маусым.
                
Оқу-жаттығу жиындарының қалай өткендігі және негізгі құраммен бірге өткізген жаттығу жұмыстары туралы Мәди "Астана" футбол клубының баспасөз қызметіне арнайы сұхбат берген еді:

- Маусымаралық үзіліс кезінде екі бірдей толыққанды оқу-жаттығу жұмыстарын өткіздік. БАӘ-де өткен жаттығу жиыны физикалық дайындығымызды пысықтауға бағытталса, Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, ойын тәжірибесін жинадық. Бапкерлер құрамы команданың ойын үлгісін, мәнерін және негізгі құрамын қалыптастырды деуге болады.

- Сен сияқты жас ойыншыға негізгі құраммен бірге жаттығу жұмыстарын жасап, бапкерлер тарапынан берілген жүктемелерді көтеру қаншалықты қиын болды?

- Бапкерлер құрамы ойыншыларға маусымға қажетті бірнеше ауыр жаттығулар жүктеді. Әрине, мен үшін аздап қиындық тудырғаны анық. Дегенмен, бізді алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Менің аяқдопшы ретіндегі мансабым енді ғана бастау алып жатқандықтан, өзімнен үлкен тәжірибесі мол ойыншылармен бір жерде жаттығып, ойын тәжірибесін жинақтаудың маңызы өте жоғары.

- Сен Қазақстан Жастар құрамасына шақырту алды. Осы аралықта құраманың деңгейін сезіне алдың ба?

- Мен Жастар құрамасы сапында көп болған жоқпын. Дегенмен, осындай мүмкіндік берген бапкерлер құрамына алғысым шексіз. Мені алда өте үлкен дайындық жұмыстары күтіп тұр. Осы орайда, жас ойыншылардың дамуына барынша көңіл бөлетін «Астана» футбол клубының жаттықтырушыларына алғыс айтқым келеді.

- Бірнеше күннен кейін «Астана» командасы маусымның алғашқы кездесуінде алматылық «Қайрат» командасына қарсы ойнайды. Команданың осы ойын алдындағы көңіл-күйі қалай?

- Ең алдымен қатарымызға жаңадан келіп қосылған ойыншылар командаға тез бейімделіп кетті десем болады. Команда ішіндегі көңіл-күй керемет. Алматылық «Қайратқа» қарсы ойында жоғары нәтижеге жетуге команданың талпынысы өте жоғары. Бастысы, өзіміздің жеңісті жолымыздан жаңылмай, жанкүйерлерімізге қуаныш сыйласақ дейміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама