"Тобылдың" сериялық жартылай қорғаушысы Зоран Тошич қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Meta-ratings.kz порталының ақпараты бойынша, 34 жастағы футболшы айына 100 мың еуро (шамамен 50 миллион теңге) алады екен.
"Тошичтің "Тобыл" сапына қосылғанына үш ай болды. Демек ол алаңдағы әрбір минутына 350 мың теңге алады деген сөз. Мұндай ақпарат қайдан шықты дейсіз ғой? Барлығы оңай: қостанайлық команданың сапында ол жеті мәрте алаңға шығып, оның ешқайсында бір сағат ойнамады. Жалпы ол "Тобыл" сапында 148 минут қана ойнаған. Оның 60 пайызында Қазақстан кубогі турнирінде өнер көрсеткен", - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, Тошич "Тобыл" сапына 16 сәуірде ауысып келді. Сербиялық жартылай қорғаушымен жылдың соңына дейін келісімшарт жасалған.
Тошич қостанайлық ұжым қатарында Қазақстан чемпионатында бес ойынға, ал Қазақстан кубогінде екі ойынға қатысып, үш гол соқты.