"Ақтөбе" командасының үздік сұрмергені, өзбекстандық шабуылшы Игорь Сергеев польшалық және чехиялық командалардың назарын өзіне аударды, жеп жазады Meta-ratings.kz.
Шабуылшының агенті қазір оған жаңа команда іздестіріп жатыр екен. Сергеевтің өзі еуропалық командалардың біріне ауысуға ниетті. Дәл қазір оған польшалық және чехиялық клубтар қызығушылық білдіріп отыр. Тіпті ол командалардың бірі шабуылшыны "Ақтөбе" командасынан 75 мың еуроға сатып алуға дайын.
Бейресми ақпарат бойынша, өзбекстандық ойыншы "Ақтөбе" сапында айына 19 мың доллар жалақы алады екен.
Сергей биыл Қазақстан біріншілігінде 15 ойынға қатысып, жеті гол соққан.