КПЛ
27 шілде 2021 23:32

"Ақтөбені" үш мәрте чемпион қылған бапкер командаға қайта оралды

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ресейлік маман Владимир Муханов "Ақтөбенің" жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Бұл қызметте ол бір айдан астам ғана жұмыс жасаған отандық маман Вахид Масудовты алмастырды. Муханов бүгін Ақтөбеге келіп үлгерді және оны кешке командаға таныстырды.

Муханов "Ақтөбе" командасы үшін ерекше тұлға. Оның басшылығымен клуб 3 чемпиондық атақты, сонымен қатар, Кубок пен елдің Суперкубогін жеңіп алды. Ол "Ақтөбеге" үшінші рет бас бапкер болып тағайындалды. Ресейлік жаттықтырушы 2017 жылы да команданы тізгіндеген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport